1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Индер ауданында «Мейірімді жүрек» акциясы өтті.
Мақсаты – бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Аталмыш акцияда Қоғамдық кеңес мүшесі, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер А. Сабырғалиеваның демеушілігімен «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйым» бөлімшесіндегі ерекше балаларға тәттілер таратылды.
