Skip to content
Басты бет » 1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс шара өтті

1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс шара өтті

1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс өңірі жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы «Қазтрансойл» АҚ қолдауымен Атырау мұнай құбыры басқармасының волонтерлерлері Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Мамандандырылған балалар үйі” КММ-де тәрбиеленетін ерекше балаларға арнап мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Мамандандырылған балалар үйі» КММ-сі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі зақымданған, ақыл-ой және дене дамуында кемістігі бар балаларға медициналық көмек көрсетумен және тәрбиелеумен айналысады.

Жыл сайын балаларды қорғау күніне «Қазтрансойл» өкілдері “Мамандандырылған балалар үйіне” мерекелік безендіруін ұйымдастырады. Сонымен қатар Атырау облысы мен қала бойынша мүмкіндігі шектеулі балалары бар аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді.

Атап айтатын болсақ, Алмалы және Береке аудандарының ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға дидактикалық және зияткерлік үстел ойындары, оқу ойыншықтары мен оқу құралдарын сыйға тартты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.