Skip to content
Басты бет » “Қазақ-қырғыз жастар форумы” өтті.

“Қазақ-қырғыз жастар форумы” өтті.

17-18 қараша күні Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында “Қазақ-қырғыз жастар форумы” өтті. Форум делегаттарын ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев бастап барды. Форум екі елдің көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Делегация құрамына енген “Жаныңдамын!” қоғамдық қорының жетекшісі Мейрамгүл Есниязова өзі жетекшілік ететін волонтерлік ұйымының жұмыстары бойынша іс-тәжірибе алмасты.
Форумға дейінгі алғашқы күні Қазақстаннан барған делегацияның волонтерлік секциясы бойынша қатысушылары Қырғызстанның “Қызыл Ай” ұйымының жұмысымен танысты және қазақстандық тәжірибе туралы айтты.
Кездесу кезінде атыраулық ұйымның жұмысы кеңінен талқыланып, қырғыздар тарапынан оң баға беріліп, қызығушылық танытты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.