Атырау облыстық ЖИТС орталығы мен Облыстық әкімшіліктің Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы бірлесе отырып үкіметтік емес ұйымдарға арналған «АИТВ инфекциясының алдын алудағы қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Облыстық ЖИТС орталығының директоры Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы дөңгелек үстелді ашып, «АИТВ инфекциясының Атырау облысы бойынша эпидемологиялық ахуалы», «Халықтың түйінді топтарын алдын алу бағдарламасымен қамту» және «АИТВ инфекциясының алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың маңызы» тақырыптары бойынша сөз сөйлеп, қатысушылармен пікір алмасты.