Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 23-25 тамыз аралығына жоспарланған тренер Гүлмира Пармышеваның жетекшілігімен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған «Әлеуметтік кәсіпкерлік: ҮЕҰ үшін жаңа мүмкіндіктер», «Әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы семинар-тренингтің алғашқы күнгі тренингі өтті.

Гүлмира Пармышева – Әлеуметтік кәсіпкер, «Global Kishkentai» қазақстандық брендінің/инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы: «Белсен» әлеуметтік бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының вице-президенті, басқарма мүшесі; Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша эксперт, тренер; Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Алматы облысы бойынша төраға орынбасары.
Аталмыш кездесуге Азаматтық орталық директоры Жаннат Зәкиқызы және ҮЕҰ өкілдері қатысты.