Skip to content
Басты бет » «Әлеуметтік кәсіпкерлік: ҮЕҰ үшін жаңа мүмкіндіктер», «Әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы үш күндік семинар-тренингі өз мәресіне жетті.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік: ҮЕҰ үшін жаңа мүмкіндіктер», «Әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы үш күндік семинар-тренингі өз мәресіне жетті.

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 23-25 тамыз аралығында тренер Гүлмира Пармышеваның жетекшілігімен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған «Әлеуметтік кәсіпкерлік: ҮЕҰ үшін жаңа мүмкіндіктер», «Әлеуметтік серіктестік» тақырыбындағы үш күндік семинар-тренингі өз мәресіне жетті.


Астана қаласынан арнайы шақыртылған спикеріміз ҮЕҰ өкілдеріне әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызды әдістерін үйретті. «Әлеуметтік кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржылық модель», «Әлеуметтік кәсіпкерліктегі үздік кейстер», «ҮЕҰ негіздері», «Сustomer development», «Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері», «Сатып үйренеміз», «Фандрайзинг. Қаржылық модельді жоспарла!» практикалық жұмыстары мен «Бренд болуды үйренеміз» мастер класстар және де аудиториямен кері байланыс жасалынды.


Семинар-тренингтің нәтижесінде қатысушылар инвестиция, көшбасшылық, пичинг, краудфандинг, логотип, брендбук, әлеуметтік customer development ұғымдарымен танысып, жетік меңгеріп өңіріміздің әлеуметтік кәсіпкерлік сферасының дамуына үлес қосуға шыңдалды.
Шара соңында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағадат Орынбасарұлы сертификат табыстады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.