Skip to content
Басты бет » «Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында офлайн тренинг

«Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында офлайн тренинг

«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі мен «Жаныңдамын» қоғамдық қорының волонтерлері және «Атырау қалалық жедел-жәрдем станциясы» , «Жедел құтқару жасағы» қызметкерлерімен бірлесе қала тұрғындары және волонтерлерге арналған «Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында офлайн тренингін өткізді.

Мақсаты: Алғашқы медициналық көмек бойынша құнды білім мен дағдыларды үйрету.

Тренинг барысында жазатайым оқиға немесе төтенше жағдай кезінде өмірді сақтап қалуы мүмкін алғашқы медициналық көмектің негізгі принциптері мен әдістері көрсетілді. Тәжірибелі нұсқаушылар әртүрлі медициналық жағдайларға қалай дұрыс жауап беру, жарақаттарға, тыныс алу тоқтаған кезде және жедел араласуды қажет ететін басқа жағдайларға көмек көрсету туралы ақпараттарымен бөлісті.

Келген барлық қатысушылар белсенді түрде атсалысып, көкейлеріндегі сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Тренинг интерактивті және практика жүзінде өтті, нәтижесінде әр қатысушы мамандардың қатысуымен тәжірибе жүзінде алған білімдерімен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.