Алматы қаласында 18-20 маусым аралығында параспортшылар арасында жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионаты өтті.
Чемпионатта Алматы, Қостанай, Ақтау және Атырау облыстарынан келген мүмкіндігі шектеулі жандар өз бақтарын сынады.
Атырау облысының «Өмір гүлі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Тыныш Джакупова Ядро итеру, диск және найза лақтыру спорт түрі бойынша үш қола медальнің иегері атанды.
