Skip to content
Басты бет » “Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының құрылғанына 5 жыл

“Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының құрылғанына 5 жыл

“Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының құрылғанына 5 жыл толуына орай, “Ән – бізді біріктіреді” атты мерекелік шара өтті.

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова мерекелік кештің шымылдығын ашып “Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығын құттықтай отыра, Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің алғыс хатын табыстады.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов “Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерін қала әкімі Мейірім Қалауидің алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ шараға Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» директоры Жаннат Досқалиева қатысып “Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығын мәдени құндылықтарын дамыту жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Орталықта ерекше балаларды қоғамға бейімдеу, оларды музыкаға әуестендіре отырып, қолөнер шығармашылық қабілеттерін дамытып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған (3 жастан 60 жас) аралығында 100-ден астам ерекше жандарды қамтылуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.