Ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйек аралығында Өскемен қаласындағы параспортшылар арасында пара ат спорты бойынша Қазақстан ұлттық чемпионаты өтті.

Аталмыш жарысқа Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының параспортшылары қатысты. «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиевтің жетекшілігімен жаттықан жерлестеріміз Қасанов Арман мен Сатыбалды Ернұр алтын медаль және Дюсалиев Айсұлтан күміс медаль иегері атанды.