Жергілікті атқарушы органдар басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесулер кестесіне сәйкес Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы – Өтеғұлов Салауат Өтеғұлұлы және Атырау облысы Балық шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы – Ақылбеков Сағадат Ақылбекұлының ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуді Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы басшысы Ж.Доскалиева жүргізді.
Шара барысында басқарма басшылары атқарылған жұмыстарын баяндады.
Шара соңында үкіметтік емес ұйым өкілдері басқарма басшыларына өздерінің сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.