Skip to content
Басты бет » «Атырау облысы бойынша күміс волонтерлікті дамыту» жобасының қорытынды шарасы өтті.

«Атырау облысы бойынша күміс волонтерлікті дамыту» жобасының қорытынды шарасы өтті.

Бүгін, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі тапсырысымен жүзеге асып жатқан «Атырау облысы бойынша күміс волонтерлікті дамыту» жобасының қорытынды шарасы өтті. Шараға Атырау қаласы және 7 аудан бойынша 50 жастан асқан 50 волонтер қатысты.

Іс-шара бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Күннің алғашқы бөлігінде бизнес-тренер Арман Акбердиев күміс волонтерлерге «Волонтердің көшбасшылығы» тақырыбында тренинг өткізді. Ал түстен кейінгі бөлігінде Атырау облысы бойынша белсенділік танытқан 20 волонтер Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің басшысының Алғыс хатымен және естелік сыйлығымен марапатталды.

Жобаның негізгі мақсаты – аға буын өкілдері арасында бастамашыл топтар құрып, өз өңірлерінде әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысу, қайырымдылық, экологиялық шараларды ұйымдастыру, егде жастағы адамдар өз тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуі арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату. Сонымен қатар, зейнетке шыққан аға буын өкілдерінің өзін-өзі дамытуына және белсенді өмір сүруіне де ықпал ету, салауатты қартаю мен белсенді қарттық үшін қолайлы жағдай жасау.

Шара барысында өңірде белсенді волонтерлік еткен күміс волонтерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.