«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық Орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен облыстағы №40 орта мектептің оқушы – волонтерлері өңірде жүзеге асырған қоғамдық қызметтерінің жұмыстарын таныстырды.
Кездесудің мақсаты – Атырау облысында әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді дамыту және мектептер арасында волонтерлер мен волонтерлік топтарын дайындау.
Аталмыш кездесуде мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру мақсатында №40 орта мектептің оқушы-волонтерлерінің жетекшісі Мейрамгүл Есниязова «волонтер» дегеніміз кім?, қандай жұмыс атқарады деген сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, волонтер М.Есниязова мектеп оқушыларына волонтерлік қызметті 3 бағыт (оқу, тәжірибе жинақтау, іс-әрекет, даму және насихаттау) бойынша жүргізетіндігін атап өтті.
№40 орта мектептің волонтерлік тобы 2019 жылы құрылған. Қазіргі таңда құрамында 30-ға жуық оқушы-волонтерлер тіркелген.
Алдағы уақытта “Азаматтық орталық” өңірдегі жалпы білім беретін мектептерде оқушы-волонтерлер топтарын құрып, облыста әртүрлі бағыттар бойынша волонтерлер құрамын дамытуды жоспарлауда.
