ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар аясында жарияланған конкурс нәтижесінде жеңімпаз деп танылған ҮЕҰ-дар.
1) Студенттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау мен дамытудың тиімді тұтас жүйесін құру бағыты «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігі.
2) Жастардың белсенділігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету үшін коворкинг-кеңістік құру «Золотое Время» Қоғамдық қоры.
3) Ауыл жастарын ауылдық аумақтарды дамытуға тарту «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ.
4) Ақпараттық технологиялар құралдары бойынша жастардың шығармашылық әлеуетін және ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін дамыту «Ақсұңқар» қоғамдық қоры.
5) Қазіргі заманғы музыканы құратын және орындайтын жас талантты музыкалық топтарды қолдау «Фонд молодежи «Рауан» қоғамдық бірлестігі.
6) Атырау облысы жастарының зияткерлік білім деңгейін арттыру «Жеті жарғы» қоғамдық қоры.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік грантың ұтып алған ҮЕҰ-ды құттықтай отырып, алдағы уақытта биік жетістікке жетулеріне тілектеспіз!