Жергілікті атқарушы органдар басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесулер кестесіне сәйкес Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысы Жанабеков Нұрбол Мейрамұлының және Атырау облысы Индустриалдық-инновациялық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Бекбаева Қарлығаш Қырықбайқызының ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуді Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы басшысы Ж.Доскалиева жүргізді.
Шара барысында басқарма басшылары кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылған жұмыстарын баяндады.
Шара соңында үкіметтік емес ұйым өкілдері басқарма басшыларына өздерінің сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.