Skip to content
Басты бет » «Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық суретшілер симпозиумы

«Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық суретшілер симпозиумы

Атырау облысының үкіметтік емес ұйымы «Batik kami» мәдени қорының ұйымдастыруымен 15-19 маусым аралығында Орал қаласында «Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық суретшілер симпозиумының ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш симпозиум 2018 жылы ең алғаш рет Атырау қаласында Атырау қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген болатын, биылғы жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Орал қаласында жалғасын тапты.

Симпозиумның мақсаты – Халықаралық дәрежедегі суретшілермен тығыз байланыс орнатып, еліміздің мәдени қорын кеңейту, қазақ елінің мәдениеті мен өнерін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, рухани баюын суретшілердің қылқаламы арқылы жеткізу. Өскелең ұрпаққа патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Халықаралық суретшілер арасындағы достық, мәдени-шығармашылық байланыстарды дамыту және нығайту.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н,Дауышев қатысып, көрме лентасын қиды. Симпозиумға 20-ға жуық суретші қатысты.

Бұл жоба халықаралық суретшілердің басын қосып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Жоба аясында плэнер, конференция, көрме және шеберлік сағаттары өткізіліп, симпозиумға қатысушылар мен шеберлік сыныбына қатысқан М. Өтемісұлы атындағы БҚУ және Х.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің студенттерін марапаттады.

Сонымен қатар Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің директоры Жаннат Досқалиева Закиқызы «Batik kami» мәдени қорының алғыс хатымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.