Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйел-қыздарының дәстүрлі киім үлгісі» атты көрсетілім болып өтті.

Аталмыш көрсетілім киім үлгісінің шариғат талаптарына сай болуы, әйел киімдерінің салт-дәстүрімізбен сабақтасуы, заманға сай, ыңғайлы және қазақи нақышта болуы сынды талаптар негізінде жүзеге асты.

Айтулы сайысқа көп балалы әрі жалғыз басты аналарға іс тігуді үйретіп, кәсіпке баулып жүрген «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Биташева қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді.
«Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігін жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!