Skip to content
Басты бет » 1-ші маусым Балалар күніне орай «Атырау облысы Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы» ММ-де іс- шара өтті

1-ші маусым Балалар күніне орай «Атырау облысы Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы» ММ-де іс- шара өтті

«Азаматтық орталықтың» ұйымдастыруымен волонтерлердің қатысуымен 1-ші маусым Балалар күніне орай «Атырау облысы Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы» ММ-де іс- шара өтті.

Мақсаты- Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Аталмыш шарада Балаларға арнап сурет салудан мастер класс, психологиялық ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар арнайы психолог балалармен жұмыс жасады. Шеберлік сыныбында салған суреттерден көрме ұйымдастырылып, “Ең үздік сурет” анықталды.

Мекемеде қазіргі таңда 21 бала тәрбиеленеді.

Шара соңында Аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі ойындар мен сыйлақтар табысталып, мерекелік дастархан жайылды.

#балаларжылы
#балалардықорғаукүні

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.