«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен волонтерлерге арналған «Біз таңдаған жол» атты екі күндік семинар тренингтің бірінші күні өтті.

Мақсаты – волонтерлердің және волонтерлік ұйымдардың бір-бірімен бaйланысын нығайту, төрағаларының көшбасшылық қабілетін арттыру.

Тренингтің алғашқы күнінде «Азаматтық орталық» басшысының орынбасары Фархад Қарапиденов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тренингке Астана қаласынан арнайы шақыртылған «Best for Kids» ҚҚ президенті, Қазақстандағы ЮНИСЕФ және Ұлттық еріктілер желісінің жоба жетекшісі, Qazvolunteer.kz платформасының үйлестірушісі Александра Крашинина қатысушылармен «Волонтерлік негіздер», «Волонтерлік бағыттар» тақырыптарында өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ командалық даму жаттығулары арқылы топта бірлесе жұмыс жасауға негізделген ойындар ұйымдастырылды.

Аталған тренингке облыс бойынша әртүрлі бағыттағы 30 волонтер қатысты.