Бүгін, қараша айының 4-ші жұлдызы күні «Demeý» облыстық конкурсының жеңімпазы, волонтер Әділхан Сәрсенов «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының «Qamqor» бағыты бойынша ұсынылған «Шуақ» жобасы аясында «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушылары мен қарттар үйіндегі қариялар арасында ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту, екі арадағы мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында үстел теннисі мен шахмат ойынын ұйымдастырды.

Шара аясында 14 бала және 6 қария қамтылды. Іс-шараға белсене атсалысқан балалар мен қарияларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, шара соңында Қарттар үйінің қарияларына арнайы дастархан дайындалды.

Сондай-ақ, конкурс бойынша үздік деп танылған 6 волонтерлік жобаның іске асырылу барысын, оның нәтижелері мен ақпараттарын әлеуметтік желіде Азаматтық Орталық парақшасынан, сонымен қатар #DemeýGC хэштегі арқылы көрулеріңізге болады.