«Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т. б. көмек көрсету бойынша «Birgemiz:Saulyq» жалпыұлттық жобасынының» волонтерлік бастамаларын жүзеге асыруға арналған шағын гранттар байқауы басталды.
Волонтер-медиктер, бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларын ұсынып, ақшалай қолдау алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Гранттардың жалпы сомасы 9 000 000 теңге. Байқау шеңберінде 300 000 теңге сомасына 30 шағын грант жеңімпаздары анықталады.
Шағын грантқа өтінім беру мерзімі: 01.06.2022ж. – 14.06.2022ж. аралығында.
Барлық сұрақтар бойынша:
8 708 679 9813 Өмірбай Мөлдір
Жоба республикалық деңгейде “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ @cisc_official мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
