Skip to content
Басты бет » «EcoBatys» бастамасы аясындағы жобалар таныстырылды.

«EcoBatys» бастамасы аясындағы жобалар таныстырылды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесе отырып «Шелл Қазақстан» компаниясының «EcoBatys» жобасынан грантқа ие болған ҮЕҰ өкілдері өз жобаларын таныстырды.



«EcoBatys» жобасы – 2022 жылдың сәуір айынан бастап Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының үкіметтік емес ұйымдары «Шелл Қазақстан» компаниясының қолдауымен «EcoBatys» бастамасы шеңберінде халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, ағартуға, өңірлерді көгалдандыруға, су ресурстарын тазартуға, қалдықтарды жинауға, кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған 15 жобаны белсенді түрде жүзеге асыруда.


Барлығы 12 ҮЕҰ қатысқан жиында Атырау облысы бойынша жеңімпаз болған «Жастарды қолдау орталығы», «Құрманғазы-туған жер» қоғамдық бірлестіктері және «Таң» қолдау және дамыту, «Алшы» әдеби-тарихи мәдени қорлары өз жобаларын таныстырды.


Кездесу соңында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Алғыс хатымен марапатталды.

@cisc_official

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.