Атырау облысы әкімінің 2022 жылға бекіткен кестесіне сәйкес Атырау облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті мен Сәулет және қала құрылысы, Жер қатынастары басқарма басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша тұрақты кездесуі өтті.

Кездесуде «Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Күмісқалиев Ерлан басқарма басшыларына Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарымен танысу мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері Ашық есік күнін өткізуді ұсынды.