Skip to content
Басты бет » Индер ауданында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті

Индер ауданында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті

Индер ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Шараның мақсаты – түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, тәжірибе алмасу.

Кездесуді аудан басшысы Дарын Дүйсенбайұлы ашып, «Атырау облысы бойынша 2022 жылда ҮЕҰ-мен атқарылған жұмыстар» тақырыбында «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Зәкиқызы, «ҮЕҰ-дың қоғамдағы орны және жергілікті мемлекеттік органдармен байланысы» тақырыбында «Ақпарат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елешева Гүлжан Мырзагерейқызы тұрғындарына, ҮЕҰ басшылары, қоғам белсенділері, жастарға түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш кездесу «Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы алатын орны» тақырыбында жалғасын тапты. Бұнда «Бізде адамбыз!» қоғамдық қоры төрайымы- Қосмурзиева Гүлназ Мақсотқызы, «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы – Бисенова Жібек Қуанғалиқызы, «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Биташева Гүлсім Қантөреқызы, «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі – Нұржігітова Күлбаршын Балхашқызы, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы -Ермұханова Гүлбарам Саматқызы, «Ер жүректілер» қоғамдық қорының мүшесі – Утебалиева Гүлден Талапбергенқызы, «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Нұғманова Арайлым Бағытжанқызы, «ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қорының төрайымы – Құбаева Алия Құбайқызы, «Самға жүрегім» қоғамдық қоры төрайымы- Аралова Эльвира Олжабайқызы ҮЕҰ ашудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуде Индер ауданының азаматтық қоғамды қалыптастыруға белсенділік танытқан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, жауаптарын ала алды. Сұрақтар ҮЕҰ-ды ашу, қаржылық сауаттылығын арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыстар жүргізу т.б бағыттарда болды.

«Белсенді ҮЕҰ-дар ауданда» жобасының екінші бағыты «Ерекше балалар қоғам назарында» және «Әлеуметтік жобаның маңыздылығы» тақырыбында өрбіді.

«Әлеуметтік жобаның маңыздылығы» тақырыбында бизнес-тренер Елешева Гүлжанмен фасилитация бағытында оқыту тренингі. Тренингте аудан тұрғындары жобаның маңыздылығы, жобаны жазу сияқты тақырыптарда теориялық және практикалық түрде жұмыс жасады.

«Ерекше балалар қоғам назарында» тақырыбындағы кездесуде «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы, (милары зақымдалған ерекше балаларға арналған) реабилитолог маманы – Бисенова Жібек Қуанғалиқызы, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы, (аутизм,зпр,зрр балаларға) логопед-дефектолог АВ-терапия маманы- Ермұханова Гүлбарам Саматқызы, «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, (аутизм,зпр,зрр балаларға) психолог АВ-терапия маманы -Нұғманова Арайлым Бағытжанқызы, «ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қорының төрайымы- Кубаева Алия Құбайқызыжәне ДЦП өзін-өзі қамти алмайтын арбаға танылған балаларға ЛФК инструктор, массажист маманы- Рамазанова Назгүл Индер ауданындағы ерекше балаларға қабылдаулар өткізіп, балалармен жұмыстар жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.