Skip to content
Басты бет »  «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауының Атырау облыстық кезеңін қорытындылау шарасы өтті.

 «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауының Атырау облыстық кезеңін қорытындылау шарасы өтті.

Атырау облысы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауының Атырау облыстық кезеңін қорытындылау шарасы өтті.

Бүгінгі өткен шара нәтижесінде – «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы Атырау облыстық кезеңінде «Асар» номинациясының жеңімпазы болып «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гулсім Хантөреқызы Биташева, номинанты болып «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Әбілқасымқызы Ерсейтова, «Мейірім жолында» номинациясының жеңімпазы «Janyndamyn!» бастамашыл тобының және қоғамдық қордың жетекшісі Мейрамгүл Тарғынқызы Есниязова, номинанты «Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің одағы қауымдастық нысанындағы Атырау облысы бойынша Шапағат үкіметтік емес ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Рахымқызы Баямирова, «Батыл жүрек» номинациясының номинанттары болып ерікті Асия Нагимқызы Кульжанова және «JAS QÙTQARUSY-ATYRAU» қоғамдық қоры марапатталды. Марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл Астана қаласында өткен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауында «Жануарға мейірім» номинациясы бойынша «Атырау маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиев І орын иегері атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.