Skip to content
Басты бет » «Қауіпсіз аудан» жобасы аясында аудандық полиция бөлімінің жұмысымен танысу

«Қауіпсіз аудан» жобасы аясында аудандық полиция бөлімінің жұмысымен танысу

Б.Аманшин орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары «Қауіпсіз аудан» жобасы аясында аудандық полиция бөлімінің жұмысымен танысып, ғимаратты аралады.
Жасөспірімдер уақытша ұстау изоляторымен, криминалистер мен басқа да полиция қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерімен танысып, қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын іс-әрекеттер мен Қылмыстық кодексте қарастырылған баптар туралы маңызды мағұлматтар алды. Тәртіп сақшылары қамаудағы адамдардың шынайы өмірін көрсетіп, үлкен өмірге аяқ басып келе жатқан жастарды заң бұзбауға шақырды.

Айта кетейік, аталмыш шара жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.