Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған 2023 жылға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялайды.
⠀
Конкурс «Zhas Project» жастар корпусын дамыту, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.
⠀
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабатта орналасқан.
⠀
Өтінімдерді Оператор 14 тамыздағы Астана уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін қабылдайды.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (717 2) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.
