Құрманғазы ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
Шараның мақсаты – түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор – бизнес құрылым өкілдері – мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, әріптестік орнату.
Кездесуді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Қалиев Нұрлыбек Ғаділханұлы ашып, «Атырау облысы бойынша 2022-2023 жылда ҮЕҰ-мен атқарылған жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Закиқызы, «ҮЕҰ-дың қоғамдағы рөлі және мемлекетпен байланысы» тақырыбында жұмыстарын баяндады .
Кездесуге белсенді 10 ҮЕҰ қатысып, «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ» тақырыбында сөз қозғап, өз оқиғаларымен бөлісті.
Сондай-ақ кездесуде аудан тұрғындары мен, белсенділері ҮЕҰ өкілдеріне сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА» тақырыбындағы кездесудің екінші кезеңінде «Болашақ К» қоғамдық қорының жоғары санатты дәрігері,дәрігер-невролог, дәрігер-реабилитолог,нейрореабелетолог маманы және «ЖанЕркемай – Атырау» қоғамдық қорының төрайымы – Кубаева Алия Құбайқызы (ДЦП өзін-өзі қамти алмайтын арбаға танылған балаларға) ЛФК инструктор) массажист маманы жеке қабылдаулар өткізіп, балалармен жұмыстар жүргізді.