2023 жылдың жергілікті атқарушы органдар басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесулер кестесіне сәйкес Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Жоламанов Әбіл Тауфихұлының ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуді Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық Орталық КММ-і басшысының орынбасары Карапиденов Фархад Ғалымұлы жүргізді.

Шара барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері басқарма басшысына өздерінің сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
