Skip to content
Басты бет » Махамбет ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Махамбет ауданында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті.

Шараның мақсаты – түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор – бизнес құрылым өкілдері – мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, әріптестік орнату.

Кездесуді Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы Аруев Нұрғали Латифұлы ашып, «Атырау облысы бойынша 2022 жылда ҮЕҰ-мен атқарылған жұмыстар және 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Закиқызы, «ҮЕҰ-дың қоғамдағы рөлі және мемлекетпен байланысы» тақырыбында «Атырау.Маленькая страна» қоғамдық бірлестік төрағасы Ерлан Асылбайұлы сөз сөйлеп, ҮЕҰ басшылары, қоғам белсенділері, аудан тұрғындарына, жастарға түсінік жұмыстарын жүргізді.

«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА» тақырыбындағы кездесудің екінші кезеңінде «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы Бисенова Жібек Қуанғалиқызы және жоғары санатты дәрігер-невролог,дәрігер-реабилитолог, нейрореабилитолог маманы Рысақова Нұрша Әсетқызы ерекше балалар мен олардың ата-аналарымен кездесіп, ҮЕҰ ашудағы жеке бастарынан өткен оқиғалары және ұйым ашып, онымен жүргізіліп жатырған жұмыстарын таныстырды.

Сонымен қатар милары зақымдалған балаларға арналған «Сенім тірегі» қоғамдық қорының төрайымы – Джумашева Самал Аманжолқызы (аутизм, ЗПРР, ОНР, РАС, СДВГ, ЗРР) балаларға арналған педагог – психолог; «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы – Ермұханова Гүлбарам Саматқызы (аутизм, ЗПР, ЗРР) балалар логопед-дефектологы, АВА-терапия маманы; «ЖанЕркемай – Атырау» қоғамдық қорының төрайымы – Кубаева Алия Құбайқызы (ДЦП өзін-өзі қамти алмайтын арбаға танылған балаларға) ЛФК инструктор) массажист маманы және «Болашақ К» қоғамдық қорының милары зақымдалған ерекше балалар невролог маманы Жаннат Есқалиқызы жеке қабылдаулар өткізіп, балалармен жұмыстар жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.