Skip to content
Басты бет » “Белсенді үкіметтік емес ұйымдар” жобасы Мақат ауданында

“Белсенді үкіметтік емес ұйымдар” жобасы Мақат ауданында

Шараның мақсаты – түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, тәжірибе алмасу.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Азамат Жәмшібайұлы, «Атырау облысы бойынша 2022 жылда ҮЕҰ-мен атқарылған жұмыстар» тақырыбында «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Зәкиқызы, «ҮЕҰ-дың қоғамдағы орны және жергілікті мемлекеттік органдармен байланысы» тақырыбында «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Асылбайұлы, ҮЕҰ басшылары, аудан тұрғындарына, қоғам белсенділері мен жастарға түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш кездесу «Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы алатын орны» тақырыбында жалғасын тапты. Бұнда «Бізде адамбыз» қоғамдық қорының төрайымы Қосмурзиева Гүлназ Мақсотқызы, «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы –Ещанова Тыныштық Победақызы, «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі – Нұржігітова Күлбаршын Балхашқызы, «Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы- Қанатова Мартагүл Төлеуқызы, «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігің төрайымы – Джакупова Тыныш Дуйсешқызы, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы – Ермұханова Гүлбарам Саматқызы, «Жан Еркемай – Атырау» қоғамдық қорының төрайымы – Құбаева Алия Құбайқызы, «Сенім тірегі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Джумашева Самал Аманжолқызы, «Ер жүректілер» қоғамдық қорының мүшесі – Утебалиева Гүлден Талапбергенқызы, «Самға жүрегім» қоғамдық қоры төрайымы – Аралова Эльвира Олжабайқызы, «Мен бармын!» қоғамдық қорының төрайымы- Нұғманова Зайда Хасанқызы, ҮЕҰ ашудағы өз тәжірибелері мен бөлісті.

Сонымен қатар «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Күмісқалиев Ерлан Асылбайұлының «ҮЕҰ-Бизнес-Мемлекет» тақырыбында, «Soft Skills және жобалық ойлау» тақырыбында «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Нұржігітова Күлбаршын Балхашқызының семинар тренингі өтті.Кездесу барысында Мақат ауданының азаматтық қоғамды қалыптастыруға белсенділік танытқан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, жауаптарын ала алды.

«Ерекше балалар қоғам назарында» тақырыбындағы кездесудің екінші кезеңінде арнайы мамандар ҮЕҰ өкілдері Мақат ауданындағы ерекше балаларды қабылдады. «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы, (аутизм,зпрр,зрр балаларға) логопед-дефектолог АВ-терапия маманы – Ермұханова Гүлбарам Саматқызы, және «Сенім тірегі» қоғамдық қорының төрайымы, (Аутизм, ЗПРР, ОНР, РАС,СДВГ,ЗРР балаларға арналған Педагог-психолог, АВА терапия маманы, бейімделген спорт АФК инструкторы Джумашева Самал Аманжолқызы, «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің маманы реабилитолог Изимова Калима Сағындыққызы, «ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қорының төрайымы- Кубаева Алия Құбайқызы ДЦП өзін-өзі қамти алмайтындар, арбаға танылған балаларға ЛФК инструктор, массажист маманы – Рамазанова Назгүл Мақат ауданындағы 64 ерекше балаларға қабылдау өткізіп, балалармен жұмыстар жүргізді.

Мақат ауданына қарасты «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мақат» корпоративтік қорының төрайымы Ещанова Тыныштық Победақызы белсенді ҮЕҰ өкілдеріне «Мейірім» тігін цехының жұмысын таныстырды.​

“ЖанЕркемай Атырау” қоғамдық қорының жетекшісі Кубаева Алия Құбайқызы мен “Айналайын баладан” қоғамдық қорының төрайымы Мусина Эльмира Ғарифоллақызы бірлесе отырып, Мақат ауданында ерекше балаларға арналған «Бочча» спортынан үйірме ашуды жоспарлауда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.