Skip to content
Басты бет » «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасының екінші кезеңі басталды

«Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасының екінші кезеңі басталды

«Біз де адамбыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ТШО компаниясының қолдауымен «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасының екінші кезеңі басталды.

«Тиімді оңалту лагері» деп аталатын екінші кезең мүгедектігі бар жандарды арбаға таңылғаннан кейінгі өмірге үйретуге бағытталған. Олар 5 күнде арбаны басқару дағдыларын, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды, мүгедек жандардың құқықтары мен өзі-өзіне қызмет көрсету жолдарын үйренеді.

Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасулан Бисембиев, Азаматтық Орталық басшысы Жаннат Досқалиева мен ТШО компаниясының өкілдері және ҮЕҰ-дар қатысты.

Жоба аясында қатысушылар жүзу, аэробика, жұптық би, садақ ату және мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген басқа да спорт түрлерімен айналысады. Олардың психо-эмоционалды жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Ай сайын психология, өзін-өзі дамыту, шешендік өнер, фасилитация, өзін-өзі жеңу бойынша тренингтер өтеді. Сондай-ақ, кәсіби қызметте және жеке өмірде белгілі бір жетістіктерге жеткен (мүгедектігі бар) адамдармен мотивациялық кездесулер өткізіледі.

Аталмыш қор «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасын екінші жыл жүзеге асыруда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.