Skip to content
Басты бет » Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Сүйеуова ҮЕҰ өкілдерін жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Сүйеуова ҮЕҰ өкілдерін жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Бүгін облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесуге «Жарқын Жанұя», «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестіктерінің және «Атырау облысының қолөнершілер қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің, “Күйшілер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы мен Қазақилық “Қазақ аналары-дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының, «Мастерская Zlataru» қоғамдық қорының өкілдері келіп, сауалдарын қойды.

Жеке қабылдауға келген азаматтар үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын жетілдіруге қолдау көрсету және тұрғынжай беруге жәрдемдесу сынды мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ кездесуде арнайы мемлекеттік гранттар мен жобалар қатарын көбейтіп, оларды алу жолдары туралы сауалдар қойылды.

Басқарма басшысы азаматтардың көтерген сауалдарын тыңдай отырып, заң аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асырылатын мемлекеттік конкурстар туралы қажетті кеңес берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.