Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.Кездесу еркін форматта өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, басқарма басшылары, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.

ҮЕҰ тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың жай-күйі, медициналық қызмет көрсету сапасы, экологиялық мәселелер көтерілді.

Облыс әкімі көтерілген мәселелерді хаттамаға енгізіп, айтылған ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөнінде нақты тапсырмалар берді және мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы кездесулерді тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.