Skip to content
Басты бет » Өңірдегі бір топ волонтерлер марапатталды

Өңірдегі бір топ волонтерлер марапатталды

Бүгін, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Умаровтың атынан еліміздің азаматтық қоғам саласын өркендету жолында сүбелі үлестерін қосып жүрген өңірдегі бір топ волонтерлер марапатталды. Марапатты Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы З. Таласбекова табыстады. Ешқандай уақытпен санаспай қарапайым тұрғындарға көрсетіп жүрген қамқорлықтары мен көмектері үшін мемлекет тарапынан ризашылығы мен алғысын жеткізді.

«Мереке қарсаңында волонтерлерді шет қалдырмай Елордадан марапаттап жатқандарыңызға мың алғыс»,-деп жүрекжарды алғысын білдірді Әсел Жолмұханова.

«Әр марапаттың салмағы ауыр, бұл бізге жүктелген тағы бір жауапкершілік» деп ой бөлісті волонтер Мира Есниязова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.