Skip to content
Басты бет » Өзбекстан дәрігерлері ерекше балаларды қабылдады

Өзбекстан дәрігерлері ерекше балаларды қабылдады

«Жанеркемай-Атырау» қоғамдық қоры «Балалар жылы» аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғам назарынан тыс қалдырмауда.

Осы орайда аталмыш қор “Санджи” Корей университетінің профессоры, Өзбекстан Республикалық балаларды оңалту орталығында директордың орынбасары Зохиджан Нұрманұлын шақыртып, мүмкіндігі шектеулі балаларды өз орталықтарында қабылдауда.

Атырау қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Досқалиева, «Жанеркемай-Атырау» қоғамдық қоры орталығында болып, дәрігерлермен танысты.

Зохиджан Нұрманұлы Ташкент қаласындағы “CityMed” клиникасындағы командасымен бірге келіп, орталықта әр өңірден келген 160 мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдады, оның 30-ы оң нәтиже берді.

Аталған шара ағымдағы жылдың 31 қазан айынан күні бүгінге дейін жалғасын тапты.Шара соңында «Азаматтық орталық» басшысы Жаннат Досқалиева дәрігерлерді марапаттап, ерекше қажеттілігі бар жандарды оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы түрде орындап жатырған жұмыстарына алғыс білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.