Skip to content
Басты бет » «Өзгеге өмір сыйла» акциясы

«Өзгеге өмір сыйла» акциясы

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі «Атырау облыстық қан орталығы» КМКҚ бірлесе отырып, Дүниежүзілік донор күніне орай «Өзгеге өмір сыйла» қан доноры акциясын жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырды.

2018 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатырған акцияның мақсаты – тұрғындарды науқастардың өмірін сақтап қалу үшін ерікті қан доноры болуға шақыру, корпоративтік волонтерлікті арттыру, ерікті түрде қан тапсыруды қолдау.

Донор болуға ынталанғандар саны 69 оның ішінде 57 донор қан тапсырып, 29,5 литр қан жинақталды.

Акция барысында «Атырау облыстық қан орталығы» КМКҚ директоры Ж. Бахонов тұрақты түрде қан тапсырып,науқастардың өмірін сақтауға атсалысып жүрген донорларды марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.