CҰРАҚ - ЖАУАП
Оқырман: RUSLAN12@mail.ru
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
NPO ATYRAU
Біздің елімізде қоғамдық мәселелерді шешу мақсатында жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар арасынан құрылған одақтар бар. Бұл одақтар ҚР заңнамасында ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйым) деп аталады.
Оқырман: ASEMAI78@GMAIL.COM
ҮЕҰ-ның мақсаты қандай?
NPO ATYRAU
Үкіметтік емес ұйым белгілі бір қоғамдық пайдалы мәселелерді шешу мақсатында және өз идеяларын жүзеге асыру үшін құрылады. Азаматтар ортақ қызығушылықпен бірлескеннен кейін, жұмыстары нақты бір нәтижеге жетуге бағытталады. Мемлекеттің жұмыс күші мен бюджеті жетіспейтін қызмет түрлерін тұтынушыға ұсынады. Ортақ шешіммен құрылған Ұйымдар түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайды.
Оқырман: aibolasaparov@mail.ru
Қоғамдық бірлестіктер ҮЕҰ болып есептеледі ме?
NPO ATYRAU
Иә, есептеледі. Айта кетейік, үкіметтік емес ұйымдар секторын құрайды:
🔹Қоғамдық бірлестіктер;
🔹Қоғамдық қорлар;
🔹Заңды тұлғалардың одағы (қауымдастық);
🔹Коммерция емес акционерлік қоғам;
🔹Діни бірлестік.
Оқырман: araigoooo@mail.ru
Үкіметтік емес ұйымдар қандай бағыттар бойынша жұмыс істейді?
NPO ATYRAU
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БАҒЫТТАР бойынша жұмыс істейді:

🔺Қоршаған ортаны қорғау;
🔺Гендерлік мәселелерді шешу;
🔺Білім беру, дене шынықтыру және спорт салалары;
🔺Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;
🔺Тұрғындардың әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен тобына қолдау;
🔺Балалар бастамасы және жастар саясатын қолдау;
🔺Көпбалалы отбасындағы және толық емес отбасындағы балаларға, жетім балаларға көмек;
🔺Салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың денсаулығын қорғау;
🔺Демографиялық мәселелерді шешу;
🔺Азаматтарды жұмыспен қамытуға жәрдемдесу;
🔺Өнер мен мәдениетті дамыту;
🔺Тарихи –мадени жәдігерлерді қорғау;
🔺Қоғамдық ынтымақтастықты нығайту
Оқырман: asylym456@mail.ru
Үкіметтік емес ұйымның миссиясы қандай?
NPO ATYRAU
Жалпы, ҮЕҰ миссиясы - қоғам өміріндегі өзгерістердің дұрыс болуы, әлуметтік мәселелердің нәтижелі шешілуі.

Жаңа үкіметтік емес ұйымның құрған кезде миссияға баса назар аудару қажет.

✅Миссияға қойылатын талаптар:
• Қысқа да нұсқа болуы
• Позитивті болуы
• Қызмет, іс әрекет осы шақта баяндалуы.
Миссия нақты, қысқа және ауқымды болуы керек.
Оқырман: serikabdolla@mail.ru
Үкіметтік емес ұйым құру қалай жүзеге асады? Нұсқаулық бар ма?
NPO ATYRAU
ҮЕҰ құру туралы нұсқаулық төмендегідей:
1.ҮЕҰ құру туралы шешім қабылдау
2.ҮЕҰ құру үшін қажетті құжаттарды жинау
3.Ұйымды Әділет органдарына тіркеу
4.Тіркегені үшін төлем жасау
5. Мөр дайындау
6.Банкте есепшот ашу
Оқырман: ainur.askhatova@mail.ru
Мен үкіметтік емес ұйымды жабу үшін қайда баруым керек?
NPO ATYRAU
1. ҮЕҰ-ды тарату туралы "Заң" газеті хабарлайсыз және жарияланғаны туралы құжатты аласыз
2.Салық органына өтініш пен тарату есебін жолдайсыз
3.Есепшотты жабасыз
4.Тарату туралы мемлекеттік тіркегені үшін алым төлейсіз және мөрді жоясыз
5. Барлық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырасыз

Сұрақ қою!

Құрметті оқырмандар, сұрақтарыңызды төменге қалдырыңыз!
Байланыс
+7(778) 663-92-63
gcenter.atr@gmail.com
Атырау қаласы, Махамбет көшесі 88
Жаңалыққа тіркелу
© 2020 «Азаматтық орталық»
Сайт жасаған: Zhanbolat Academy