Акцияның мақсаты – мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы әрбір Қазақстандықтың жеке қатысуы арқылы қайырымдылық мәдениетін дамыту. Халықтық акцияны бірнеше бағытта өткізу ұсынылған.

Акция аясында Атырау облысының Өкіл имамы Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлының қолдауымен, “Атырау облысы Жастар ісі секторы” және “Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Азаматтық орталығы” КММ-сі бірлесе отырып мұқтаж азаматтарды азық-түлік себеттерімен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету бағыты бойынша 100 адамға киім- кешектер таратылды.