Жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір қатар қоғам белсенділері марапатталды.

Осы ретте, “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған “Сенім шыңы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қуанышұлы Үмбеталиевті құттықтаймыз!
