Skip to content
Басты бет » «Салтым менің – асыл қазынам» мерекелік шарасы өтті.

«Салтым менің – асыл қазынам» мерекелік шарасы өтті.

«Хиуаз» әйелдер қоғамдық бірлестігі орталығының 10 жылдық мерейтойына байланысты «Салтым менің – асыл қазынам» мерекелік шарасы өтті. Шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Нұржан ЕРМҰХАНОВ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Шара барысында халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың маңыздылығын түсіндіріп, оларды ұстануды дәріптеп жүрген, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын қоғамға үйретіп жүрген әжелеріміз бірнеше салт- дәстүрден көріністер көрсетті. Сонымен қатар қоғамдық бірлестік 10 жылда атқарылған жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
Шара соңында қоғамдық бірлестікке атқарылған еңбектері үшін бірнеше алғыс хаттар мен медаль табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.