Skip to content
Басты бет » “Satti DAY” қайырымдылық акциясы

“Satti DAY” қайырымдылық акциясы

“Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Satti DAY” қайырымдылық акциясы ҮЕҰ өкілдерімен бірлесе отырып өткізілді.
Мақсаты- әлеуметтік аз қамтылған және ерекше балалары бар отбасыларға тегін қызмет көрсету.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатырған акцияға “Жүректен жүрекке” қоғамдық қорының төрайымы- Ермұханова Гулбарам Саматқызы (аутизм, ЗПР, ЗРР)балаларға логопед-дефектолог АВ-терапия мамандары,
“Зейін Атырау балаларды дамыту” қоғамдық қорының орталығында (аутизм, ЗПР,ЗРР) балалар психолог АВ-терапия мамандары
“ЖанЕркемай-Атырау” қоғамдық қорының төрайымы- Кубаева Алия Құбайқызы (ДЦП,ДАУНА өзін-өзі қамти алмайтын арбаға танылған балаларға) ЛФК инструктор массажист маманы, “Болашақ К” қоғамдық қорының төрайымы- Бисенова Жібек Қуанғалиқызы (милары зақымдалған ерекше балаларға арналған) реабилитолог,невропотолог мамандары бір күндік қызметтерін тегін көрсетті. Жалпы акцияға 52 бала жазылып білікті мамандардың қызметін қолданып, әрі қарайда емін жалғастыратын болды.
Ал “Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Биташева Гүлсім іс тігу өнері мен «Атырау футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақылбек Муханов балаларға арналған футболдан шеберлік сағаттарын өткізді.
Қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп,өз қызметтерін көрсеткен ҮЕҰ өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.