Skip to content
Басты бет » Құлсары қаласында тағы да инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

Құлсары қаласында тағы да инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

Сенім тірегі қоғамдық қоры жетекшісі Самал Аманжолқызының қолауымен Жылой ауданы Құлсары қаласында тағы да инклюзивті қолдау кабинеті ашылды.

Бұл жолы Е.Халыков атындагы 7 орта мектепте. Бұған дейін осы жылы қыркүйек айындағы Д.Жазықбаев орта мектебінде ашылған болатын.

Кабинетте 4 педагог-ассистент әзірге 3 оқушыға кызмет көрсетіледі. Облыстық психологоялық медициналық- педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша әр оқушыға педагог ассистент тағайындалады.

Әр оқушының жеке қазіргі деңгейіне байланысты АВВLS бағдарламасы жасақталып ,инклюзивті қолдау кабинетінде қосымша дамытылады.Жұмысқа алынған жас мамандар арнайы курстардан өтіп,Кураторымызды бақылауы мен бағыт бағдар беруі арқылы жақсы нәтижелерге жетіп келеді.

Бұрын -сонды мұндай кабинет туралы білмеген ата-аналар Алғысын жаудыртып,қуаныштарында шек жок.

Педагогтардың қолдауымен ерекше білім қажет ететін оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу инклюзивті қолдау кабинет мамандарының басты мақсаты.

Алдағы уакытта осындай кабинеттер әр облыс пен қала мектептерінде болса,оқушылардың дамуына оң әсерін тигізеді .

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.