Skip to content
Басты бет » ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасы шеңберінде республикалық шағын гранттар конкурсының басталғаны туралы хабарлаймыз.

Конкурсқа қатыса алады:
үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) конкурс туралы Ережеге сәйкес;
18 жастан асқан жеке тұлғалар;
Бастамашыл топтар.

Байқау қорытындысы бойынша 30 жеңімпаз Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады.

Әр гранттың жүлде қоры – 300 000 теңгені құрайды.

Конкурсқа қатысу үшін:
1. Профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы google сауалнамасын толтырыңыз  @birgemiz.ayala парақшасы;
2. Конкурс ережесімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз
https://disk.yandex.ru/d/CH-t9Z2eLcRPjQ
3. Microsoft Word форматындағы жобалық өтінімдерді Bergemizayala@yandex.ru электрондық мекенжайға жіберу.

Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейне болған жағдайда, өтініммен бірге поштаға жіберіңіз.

Шағын гранттардың болжамды тақырыбы:
1. Балалар мен жасөспірімдер арасында жануарларға адамгершілік қатынасты қалыптастыру бойынша акциялар.
2. Жануарларға деген қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған ағарту жұмыстары.
3. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер.
4. Тегін ветеринариялық қызмет көрсету
5. Үйсіз жануарлардың баспаналарын қолдауға бағытталған іс-шаралар.

Өтінім берудің соңғы мерзімі 2023 жылғы 24 маусым сағат 18.00-ге дейін. (Астана уақыты бойынша)

Байқау жеңімпаздары 2023 жылдың 1 шілдесінде жарияланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.