Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына арнап «Жаныңдамын!» волонтерлік ұйымы мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мақсаты – Тәуелсіздік мерекесін балаларға насихаттау, әлеуметтік көмек қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсету30 бала қатысқан кештің бірінші бөлімінде қатысушылар Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, тарихпен танысты. Ал екінші бөлімінде саяхат барысында тыңдаған ақпараттарымен бөлісу үшін Викториналық ойындар ойнатылды.

Шара соңында балаларға арналған сыйлықтар таратылып, өздері дайындаған концерттік бағдарлама қойылды.