Жаңалықтар

Ерекше балаларға арнап фотосессия ұйымдастырылды

1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Атырау волонтерлар штабы ерекше балаларға арнайы фотосессия ұйымдастырды.

Фотосессия қаладағы Исатай-Махамбет алаңында өтті. Шараға "Қызыл ай", "Самға, жүрегім", "Жанеркем-ай", "Золотое время", "Мен бармын", "Жүректен жүрекке", "Нейробалалар - ғажап бар" қоғамдық бірлестіктерінен ерекше 40 бала қатысты.

Фотосессия соңында балаларға тәтті сусындар таратылды.