Жаңалықтар

Атыраулықтар тегін заңгер кеңесін ала алады

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық  бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік гранты аясында, "Адамгершілік" қоғамдық қорының заңгер кабинеті ашылды. 
Жобаның басты мақсаты - Атырау облысының тұрғындарына арналған тегін құқықтық кеңес беру, әр тұрғынның кез-келген жағдайда өзінің құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау, заңға қайшы әрекеттерді жасаудың алдын алуға үйрету, мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу болып табылады.
Осы грант аясында 2020 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жоба бойынша тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қорғау (консультациялар, өтініштер, шағымдар) үшін тегін заңгерлік кеңес беру кабинеті ашылды. Қабылдау - айына 3 рет, әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 9:00-18:00 ге дейін жүргізіледі. Жобаға тартылған заңгерлердің көмегімен тұтынушылар өз мәселелерін тез шеше алады.