Жаңалықтар

ҮЕҰ өкілдері Санкт-Петербург қаласында тәжірибе алмасты

Желтоқсан айында ҮЕҰ өкілдері Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына барып, тәжірибе алмасып қайтты. Атап айтсақ, «БолашақК» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жібек Бисенова, «Алтын тұғыр» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арайлым Қалиева, «Дендер жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асел Сарғойшина. Олар 8 ұйымның жұмыстарымен танысты.

Петербург қаласында ҮЕҰ өкілдері "Работа І", "Легко-легко", "Антон тут рядом" мекемелеріне іссапарға барды. "Антон тут рядом" ұйымы аутизммен ауыратын жандардың өмірге бейімделуіне, қоғамның мүшесі ретінде өз орындарын табуына жағдай жасауды мақсат етеді. Сондай-ақ, жастар мен ересектер үшін арнайы шеберханалар ұйымдастырып, олардың қолдарынан шыққан бұйымдарды көрмелерге қойып, әртүрлі жәрмеңкелерде сатуды ұйымдастырады. Бұл ұйымда жастар өзін еркін сезінеді және достар тауып, уақытын тиімді өткізуде.

Ал "Легко-легко" қайырымдылық қоры арнайы тапсырыспен әртүрлі бұйымдар дайындап сатып, түскен қаржыны ауру балаларға көмектесуге жолдайды. Олардың тауарлары нарықта сұранысқа ие. Тапсырыс, ұсыныстар көп түсуіне байланысты түрлі бағытта шеберханалар ашқан.


image
"Работа І" әлеуметтік кәсіпкерлігінің қызметі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, интернат тәрбиеленушілерінің, мүгедек топқа жататын 30 -ға дейінгі жастардың еңбекке орналасуына жағдай жасау. Жұмыс беруші және жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, оларды алдымен тәжірибеге жібереді. Тәжірибеден кейін де тұрақты еңбекпен қамтылуына қолдау көрсетеді.


image
"Мир на ощупь" жобасы әлеуметтік кәсіпкерлік бағытта жұмыс істеп жатыр. Жобаның мақсаты - зағип жандардың өмірін түсіну, сезіну. ҮЕҰ өкілдері 1,5 сағат қараңғы бөлмелерде болды. Түрлі сезімді сезінді, көп нәрсені ұғынды. Бұл жерге келушілердің саны аз емес.

Тәжірибе алмасу мақсатында Санкт-Петербург қаласында орналасқан "Спасибо " қайырымдылық дүкеніне барды. Дүкеннің 6 бағыт бойынша филиалдары бар. 70-тен аса адамды жұмыспен қамтып отырған дүкенге келушілер де аз емес. Бұл жерден мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан әдемі дүниелерді көруге болады. Сауда үйлерінде арнайы контейнерлер орналастырылған. Ондағы заттар сұрыпталып, арнайы тазартылып сатылымға шығарылады. Қазіргі таңда тұрақты клиенттері бар дүкеннің жұмысын жүргізуде өздерінің құпияларымен бөлісті.

"Говоруша" сөйлеуді дамыту орталығы – әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында жұмыс істеп отырған жоба. Жоба авторы Еленаның айтуынша қазіргі таңда балалардың тілінің жәй шығуы, сөйлеген кезде кедергілер кездесетінін айтты. Елена бірнеше жылдық тәжірибесі бар, өз ісінің шебері, білікті маман екенін көрсете білді.




image