Жаңалықтар

МӘТ шеңберінде кездесу өтті

21-25 қаңтар аралығында Атырау облыстық басқармалары 2019 жылғы МӘТ шеңберінде (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс) жариялайтын жобаларын таныстырады.
ҮЕҰ өкілдерімен талқылайды. Бір апталық кездесудің алғашқы түсіндірме жұмысын Атырау облысы Білім беру басқармасы және Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары жүргізді. 
image
Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасы,Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма,Дене шынықтыру және спорт басқармасы өздерінің 2019 жылға арналған МӘТ туралы баяндап өтті. ҮЕҰ-дар өкілдерінің пікірлері тыңдалып, ұсыныстары алынды.