Жаңалықтар

«Азаматтық орталық пен ҮЕҰ-дың өзара байланысы» тақырыбында стратегиялық сессия болып өтті

Сессияны Халықаралық коуч-тренер Нұргүл Құрбанова жүргізді.
Жергілікті ҮЕҰ-дың 26 өкілі қатысты. Шараның мақсаты – азаматтық бастаманы дамыту үшін Азаматтық орталық пен үкіметтік емес ұйымдардың байланысын нығайту.
image

Әлеуметтік-экономикалық саяси дамудың әртүрлі деңгейінде үкіметтік емес ұйымдар рөлінің өсуі – қазіргі заманғы әлемдік дамудың басты бағыттарының бірі. Сессияға қатысушылар ұйым жұмыстары жөнінде қажетті ақпараттарын алып, толғандырған мәселелері туралы жауаптарға ие болды.
image

Шара аясында ҮЕҰ-дар өз ұсыныстарын қағаз бетіне түсіріп, Азаматтық орталыққа тапсырды. Бұл болашақта орталық жұмысының жандануына көмекші құрал болмақ.